26
октябрь
2022
"Әлем таныған Әуезов" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды
Намазбай Ақшабаев мектеп кітапханасында Қазақ тілі бірлесігіінің ұйымдастыруымен М. Әуезовтің 125 жылдығына орай "Әлем таныған Әуезов" тақырыбында 8-10 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды және "Абайды танытқан әлемге" тақырыбында кітап көрмесі қойылды. Мақсаты: Оқушыларға жазушының шығармашылығы мен өмірбаянын таныстыра отырып, қазақ әдебиетінен алар орны мен еңбектерін бағалауға тәрбиелеу. Дөгелек үстелге арнайы шақырылған қонақтар М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы Мақашев Бақытжан және Тараз инновациялық - гуманитарлық университетінің аға оқытушысы Меңдібай Абилов ағаларымыз оқушылар тарапынан М. Әуезовтің "Абай жолы" роман эпопеясы бойынша қойылған сұрақтарына түсінікті түрде жауап берді. Іс - шара соңында Меңдібай ағамыз мектеп кітапханасына "Шабытты шақ" атты бірлестік мүшелерінің шығармашылық жинақ кітабының 3 данасын тарту етті.



