30
декабрь
2024
"Ұстаз" фильмі – қоғамдағы мұғалімнің рөлі мен оның еңбегін дәріптейтін ерекше туынды.
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің ұжымы 2024 жылдың 30 желтоқсан күні Бейсен Құрманбектің «Ұстаз» туындысымен танысты. "Ұстаз" фильмі – қоғамдағы мұғалімнің рөлі мен оның еңбегін дәріптейтін ерекше туынды. Фильмде ұстаздың тек білім беруші ғана емес, тәрбиелеуші және өмірге бағыттаушы тұлға екені көрсетілген. Ол әрбір оқушының тағдырында маңызды рөл атқарып, олардың болашағын қалыптастырудағы жауапкершілігін аша түседі.

