Баяндама. Ата-аналар жиналысы
2025-2026 оқу жылының I жарты жылдығындағы Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің директоры Сейдалиева Айсара Рашбаевнаның ата –аналар алдындағы есебі
Әрбір елдің негізі – білім беру жүйесі Білімді ұлт қана өзін биік белестерден көре алады.Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәскеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі мұғалім екені анық. Біліммен тәрбие беруде ата-анамен мектеп ынтымақтастықта жұмыс атқаруда. Болашақтың тізгіні бүгінгі ұрпақ екені сенімді айта аламыз.Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор. Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес оқушының білімі терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебіндегі педагогикалық ұжымда педагог зерттеуші-32, педагог сарапшы-24, педагог модератор-25, санатсыз- 11, 61% құрайды. Жалпы саны -92 мұғалім қызмет етуде. Оқушылар саны 1-11 сынып аралығында- 813, даярлық топта - 54 оқушы, барлығы- 867 оқушы. Мектеп бойынша оқу озаттары-92, оқу екпіндісі -367 бұл білім сапасының 61,9% құрайды.
Мектепте 2 спорт зал, 1 спорт алаңы, асхана -120 орындықты, 2 компьютер сынып, 1-робототехника, 2- шеберхана. 1-медициналық кабинет, психолог, кітапхана, АӘД және технологиялық дайындық-1 кабинеттері жұмыс атқарады.
Сондай-ақ, қалалық емхана тарапынан балаларға арналған 1 стомоталогия кабинетіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде, алдағы уақытқа пайдалануға беріледі. Кітапхана қоры-20376, оқулықтар саны-15485, оқырмандар саны-597. Мектеп кітапханасы бойынша «Оқуға құштар мектеп», «Балалар кітапханасы» жобасы жұмыс атқарады. Кітапхана жоспарына сәйкес барлық іс шара уақтылы атқарылуда.
Биылғы 2025-2026 оқу жылында түлек саны-40 11- сыныпты 40 оқушы бітіреді. Мектеп бітіруші түлектермен қорытынды атесттатауға дайындық жұмыстары жоспарлы ұйымдастырылып жүргізілуде. Қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша айына 2 рет сынама тест алынды, тест қорытындысы бойынша орташа - балл 60,1 құрап отыр, бұл көрсеткіш төмен, жұмыс жалғастырылып жасалады. Эссе, бақылау жұмыстары айына бір реттен алынып отыр, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мектеп оқушылары мектеп, аудан, облыс көлемінде ұйымдастырылған түрлі байқаулар мен жарыстарға оқушылар қатысып, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды
Мектеп оқушылары арасындағы Тараз қаласы білім бөлімінде өткізілген пән олимпиадасында бірнеше оқушылар жетістікке ие болды. Атап айтқанда, 7- сынып оқушысы Жұбат Нұрмұхамед 3 орын математика Жетекшісі Байтанаева 7- сынып оқушысы Д.Бердібек Сакен 3 орын Жетекшісі Байтенова Зурият физика
"Алтын сақа" олимпиадасының қалалық кезеңіне қатысқан 6- сынып оқушысы Ошақбай Бекарыс 1 орын, 5- сынып оқушысы Құрал Ринат 3 орын
Абдымаш Спандияр грамотамен марапатталды. Жетекшісі Байтанаева Динара
Ошақбай Бекарыс келесі облыстық кезеңге жолдама алды.
Қалалық кезең олимпиада 10- сынып оқушысы Шаңғыл Ақниет қазақ тілі пәнінен 3 орын иеленді. "Маусымашар-2026" облыстық пікірсайыс турнирінде Жұмағазы Әсемай Қырғызбай Дария Республикалық 3 орын иеленді. Республикалық Ақбота марафоны 38 оқушы жүлделі орындар иеленді.Республикалық «Bebras» ойыны10 оқушы жүлделі орын иеленді
Республикалық ‘Turan Fest’ байқауында үздік өнерін көрсетіп,1-ші орынға ие болған Батырбек Дильхан
Оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастыруда мектепте «Волейбол», «Футбол», «Баскетбол», «Умелые руки», «Қолөнер», «Шебер қолдар» үйірмелері жұмыс атқарады. Жалпы спорттық үйірмеге тартылған оқушылар саны-344 оқушы Мектептен тыс үйірмеге қатысатын оқушы саны -144 оқушы
Мектеп пен ата - ана байланысы оқушының жан-жақты қалыптасуына ерекше әсер ететіні сөзсіз.
Сондықтан да құрметті ата - аналар талабы таудай, қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар мектебіміз үшін мақтаныш.
Оқушылардың дұрыс тиімді тамақтануы үнемі назардан тыс қалған емес. Жыл сайын мемлекет тарапынан тамақтануға бюджеттен арнайы қаржы бөлініп отырады. Алайда, балаларға сапалы әрі құнарлы тамақ беру мәселесі әлі күнге дейін өзекті. 2025–2026 оқу жылында мектеп оқушыларын тамақтандыру ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Санитариялық қағидалар мен Әкімдіктің бекіткен нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар, биылғы оқу жылында «Ақпараттық-платформалық кешен» (АПК) жүйесі арқылы тамақтандыру үдерісі цифрлық форматқа көшірілді. Бұл жүйе мектеп оқушыларының тамақтануын тіркеу, бақылау және есепке алу үшін қолданылады.
Жаңа оқу жылында ҚР Оқу-ағарту министрінің әдістемелік ұсынымдарын басшылыққа ала отырып, тегін тамақтандыруды ұйымдастыру және цифрлық платформаларды қолдану ҚР білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен мектептегі тамақтандыру жүйесі цифрландыру бағыты қамтылады. Е-ashana.kz тегін тамақтануды, білім беру мекемесінің оқушылары мектеп асханасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру үшін сәйкестендіру (КББЖ) карточкаларын және динамикалық QR-кодтарды (смартфондарды) пайдалана отырып, аппараттық-бағдарламалық кешенге АБК енгізу ұсынылады. Жалпы тамақтанатын оқушы саны-1-4- сынып- 311 оқушы,5-11- сынып 78, жалпы-389 оқушы оқушы тамақтанады
2025-2026 оқу жылында жалпы білім беру қоры есебінен берілетін қаржылай көмекті ұйымдастыру мақсатында аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың мектепке бармауының алдын алу, қаржылай көмекке құжаттар төмендегі бес санат бойынша жинақталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысы 4- қосымшада бекітілген бес санат бойынша.
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан оқушы-2
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан -26
- жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын отбасы жоқ.
- төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан отбасы жоқ.
- білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан төмендегі- 68 оқушы.
Жалпы қаржылай көмекке мектебімізден 96 оқушы 53117 теңгелей көмек алды.
Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат есебі 96 оқушыға бір оқушыға 53 117 (елу үш мың бір жүз он жеті) теңгеден есептегенде, жалпы жұмсалған қаражат 5 099 232 (бес миллион тоқсан тоғыз мың екі жүз отыз екі) теңгені құрады.
Биыл оқу жылында білім бөлімінің тарапынан 2024-2025 оқу жылын аяқтау кезінде жазғы жөндеу жұмыстарына 860000 (Сегіз жүз алпыс мың ) тг мектебімізде ағымдағы жөңдеу жұмыстары жүргізілді мектептің іші-сырты сырланды. Сондай-ақ, екі сыныпқа оқу кабинеттері жиһазы моноблок принтерлерімен қазақ тілі және орыс тілі кабинеттеріне берілді.
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде 2025-2026 оқу жылында «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған тәрбие жұмысының Мақсаты: Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Тәрбие жұмысының негізгі құндылықтар топтамасы:
Тәуелсіздік және Отаншылдық
Бірлік және Ынтымақ
Әділдік және Жауапкершілік
Заң және Тәртіп
Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік
Жасампаздық және Жаңашылдық
Тәрбие жұмысының негізгі әлеуметтік жобалары:
«Қамқор» - әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеу.
«Еңбегі адал – жас өрен» - білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
«Smart bala» - инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды дәріптеу.
«Шабыт» - білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу.
«Ұшқыр ой алаңы» - тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу.
«Балалар кітапханасы» - кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру.
«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған тәрбие жұмысы жоспары мен мақсатына сай жұмыс атқаруда .
«Бала қауіпсіздігі- баршаға ортақ» тақырыбында бала қауіпсіздігін сақтауда, ата- аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде ата- аналар жиналысы өткізілді. Мектепте мектепішілік есепте 1 оқушы , қалалық есепте -1 оқушы тұр. Сонымен қатар, оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқықтық кеңестер өткізілді.
Ұлы педагог К.Ушинский «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген.Ешқандай жарғы да,бағдарлама да оның орнын баса алмайды»-деп текке айтпаған.Ендеше еліміз тәуелсіздікке қолы жеткен қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі негізгі міндет-ұлтымыздың таным құндылықтарын бойына сіңіріп,салт-дәстүр,әдет-ғұрып мәйегін ұрпақ санасына егу арқылы тәлім-тәрбие беру.Ұстаз қолында адам тағдыры,болашақ ел тағдыры тұрады. Сол себепті заман талабына сай шығармашылықпен жаңашылдықпен сан қилы тәрбие жұмыстарын жүргізу –тәрбиешінің басты міндеті екенін ұмытпауымыз керек.Мектептің білім мен тәрбие берудегі жұмысы өз жоспарыменен алдағы кезеңде де нәтижелі атқарыла береді.