Ата - аналар жиналысы » сш. им.Акшабаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726)3732059
ДАІЖО:
+7(747)1903995
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата - аналар жиналысы
21
май
2026

Ата - аналар жиналысы

2026 жылғы 21 мамыр күні өткізілген Намазбай Акшабаев атындағы орта мектебінің жалпы мектептік ата-аналар жиналысында міндетті мектеп формасына қойылған талаптарды орындауға, білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті талаптарымен ата-аналар мен заңды өкілдері таныстырылды.
•    ҚР «Білім туралы» Заңының 49-бабына сәйкес ата – аналар және өзге де заңды өкілдер білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға, білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылған талаптарды орындауға, білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті. Сырт пішінге қойылатын талаптар
Оқушының сырт пішіні оқу үрдісінің мақсатына сай болуы тиіс. Оқушылар мен мұғалімдер іскерлік стильде киінеді. Күнделікті іскерлік стиль – бұл классикалық стильдегі немесе қазіргі талапқа сай тігілген киімдер: ҚР Білім және ғылым министірінің 2016 жылдың 14 қаңтардағы №26 бұйрығына өзгеріс  ҚР Оқу –ағарту министрінің 30\12\2022 №534 бұйрық  талаптары сақталады, сондай ақ класикалық стилдегі ыңғайлы киіммен келуге рұқсат етіледі "Білім туралы" Заңының (49 бабы 2 тармағы, 47 бабы 14, 15-1,16 тармағы, 3 бабы 4 тармағы негізінде) орта білім беру ұйымдары  үшін міндетті мектеп формасына койылатын талаптар бекітілсін деп көрсетілген. Осыған орай, мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшелігіне қарай енгізіледі, сондай-ақ мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар
      5. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.
      6. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.
      7. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
      8. Ұлдардың мектеп формасы:    
 пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Қыздардың мектеп формасы:
      Қыздардың мектеп формасы:  пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      
      11. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
      13. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 04.04.2016 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер, шеврон және т.б.) орналастыруға рұқсат етіледі.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 № 534 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдай, оқу сабақтарының өткізілу орны және оқу ғимаратындағы температуралық режим ескеріліп, іске асырылады.
      16. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.
      17. Мектеп формасын енгізу барысында мата құрамына назар аударылады.
      18. Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданған жөн.
23. Балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері мектеп формасын кез келген сауда желісінен сатып алады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив