Іс-шаралар » Страница 6 » сш. им.Акшабаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726)3732059
ДАІЖО:
+7(747)1903995
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Адалдық сағаттары"
17
январь
2020
"Адалдық сағаттары"
17.01.2020  ж.күні Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебін де   қоғамда, әсіресе жастар арасында «Парасаттылық принциптерін ілгерілету», «Парасаттылық, әділдік, шынайылық» ұғымдарын трендке айналдыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адалдық сағаттары» республикалық акциясы аясында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. 
"Менің мамандығым - менің мақтанышым" тақырыбында кездесу өткізілді.
16
январь
2020
"Менің мамандығым - менің мақтанышым" тақырыбында кездесу өткізілді.
Намазбай  Ақшабаев атындағы орта мектебін де 16.01.2020 ж.күні  оқушыларға мамандықтарды талдай және таңдай білуге, өз қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге және құптап отырған мамандықтарына бағыт – бағдар беру мақсатында 9 сыныптар аралығында  «Менің мамандығым – менің болашағым»  тақырыбында кездесу өткізілді. 
Азаматтық қорғаныс, зілзала, төтенше жағдай туралы іс-шара өткізілді.
16
январь
2020
Азаматтық қорғаныс, зілзала, төтенше жағдай туралы іс-шара өткізілді.
Намазбай  Ақшабаев атындағы орта мектебінде 16.01.2020 ж.күні  мектеп оқушылары мен мектеп ұжымына азаматтық қорғаныс, төтенше жағдай,   зілзала және  мектеп ауласында немесе мектептің ішінде күдікті жарылғыш заттарға  ұқсайтын заттарды қоршау, хабарлау, жою мақсатында іс – шара өткізілді.   
Еркелету сәті
13
январь
2020
Еркелету сәті
Намазбай  Ақшабаев атындағы орта мектебінде 2019 жылдың қараша айынан бастап ата-аналардың  балаларына  бір мезгіл көңіл  бөлуін  нығайту  жəне келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында кешкі сағат 20.10-20.30 аралығында еркелету сəті өтіп жатыр. Бұл сəт 90 кунге дейін жалғасын табады.  Жалпы мектепте 1-11 сынып аралығында барлығы 984 оқушы бар. Осы екі ай уакыт ішінде "Еркелету сəтіне" 683 ата-ана қатысып,  кері байланыс пен  суреттерін  жіберіп отырды .
Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз!
26
декабрь
2019
Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз!
Намазбай  Ақшабаев атындағы орта мектебінде өткізілген Жаңа жылдық кештен көріністер.  Жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз !
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні
13
декабрь
2019
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні
Еліміздің  тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушылардың туған өлкемізге деген  сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту, елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу мақсатында  Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебімізде 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді . 
"Жас Ұландықтар" қатары толықты
12
декабрь
2019
"Жас Ұландықтар" қатары толықты
12.12.2019ж.  Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде Тəуелсіздік күні мерекесіне орай  "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.  "Жас Ұлан", "Жас Қыран" ұйымының катарын 3,4,5 сынып оқушылары толықтырды .
"Тарихты білу - ұрпақ парызы" байқау
11
декабрь
2019
"Тарихты білу - ұрпақ парызы" байқау
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде қазақ елінің өткен тарихын оқушылардың бойына сіңіре отырып,  патриоттық сезімін ояту мақсатында тарих бірлестігініңұйымдастыруымен 6-7 сыныптар аралығында     « Тарихты білу - ұрпақ парызы »  тақырыбында байқау өткізілді. Байқау нәтижесінде 7«Б» сыныбы І орынға ие болды.  
"Эстафеталық ойындар"
03
декабрь
2019
"Эстафеталық ойындар"
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде ЖИТС-тың жұғу жолдарымен оның белгілерін, алдын алу шараларын, оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға тазалыққа, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 2019 жылдың 3 желтоқсан күні Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай мектебімізде 8-10 сыныптар арасында «Эстафеталық ойындар» жарысы өткізілді. Жарысқа ЖИТС орталығының бас маманы Р.Х.Жакенова шақырылды.
"Кемелді келешекке - Кемеңгер Елбасымен" форум
03
декабрь
2019
"Кемелді келешекке - Кемеңгер Елбасымен" форум
Аудандық  «Кемелді келешекке – Кемеңгер Елбасымен»  «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер көшбасшылары арасындағы форумға мектебіміздің Жасұландықтары «Егеменді ел» әнін орындап қайтты. Мектеп тәлімгері Т.Құдайбергенова және мектебіміздің 9 сынып оқушысы Асан Айғаным алғыс хатпен марапатталды .