Іс-шаралар » Страница 9 » сш. им.Акшабаева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726)3732059
ДАІЖО:
+7(747)1903995
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қош келдің, әз Наурыз!"
20
март
2019
"Қош келдің, әз Наурыз!"
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде  «Қош келдің, әз Наурыз!»  тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шара барысында қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында көрме ұйымдастырылды және пән бірлестіктерінің арасында  қазақтың салт-дәстүрлері көрсетілді. 
"Наурызым - дәстүрлі ізгілігім" музыкалық ертеңгілік
18
март
2019
"Наурызым - дәстүрлі ізгілігім" музыкалық ертеңгілік
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде  оқушыларды елін сүюге,  дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге,  бойларына адамгершілік жақсы қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу мақсатында  «Наурызым – дәстүрлі ізгілігім»  тақырыбында даярлық сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен музыкалық ертеңгілік өткізілді. 
"Мейірім" күні
17
март
2019
"Мейірім" күні
Ұлыстың  ұлы күні қарсаңында тойланатын бүгінгі  мереке –  «Мейірім»  күні деп аталады. Бұл мейрамда  барша түркі тілдес халықтар бір-біріне жақсылық жасап, қайырымдылық көрсетеді. Ізгілікке толы бұл күнНамазбай Ақшабаев атындағы орта мектебіде жалғасын тапты .
"Алас" күні
16
март
2019
"Алас" күні
«Көктем шуағы» күнімен бастау  алған мерекелік іс шаралар тізбегі бүгін «Алас күнімен» жалғасты.  "Алас" дегеніміз тазару деген мағынаны білдіреді. Осыған орай 2019 жылдың 16 наурызы күні Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде  "Бұлақ көрсең - көзін аш!"  айдарымен жалпыхалықтық сенбілік өткізілді .  
"Тағзым" күні
15
март
2019
"Тағзым" күні
«Тағзым»  күні қазақ халқының ескі жыл санауы бойынша көктем осы кезде келеді деп есептелген. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген халқымыз ата бабалар рухына тағзым ету маңызды. Осы орайда, Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің «Жасұлан» ұйымының оқушылары еске алу мақсатында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ауыл тұрғындарының ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, соңынан асхана аспазшысы Толқын Байғараеваның  ұйымдастыруымен Наурыз көже таратылды.
"Көрісу" күні
14
март
2019
"Көрісу" күні
«Көрісу»  күні амандық-саулық сұрасып, үлкен-кіші қыстан аман-есен шығып, Әз Наурызға аман-есен жеткеніне шүкіршілік етіп, бір-біріне ізгі тілектер айтатын күн.  Көрісу  – тек адамдар амандасып, жақсылық тілейтін, үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі іс-шара 2019 жылдың 14 наурызы күні Намазбай Ақшабаев  атындағы орта мектебінде өз жалғасын тапты. 
Мерекелік іс-шара. 8 наурыз
07
март
2019
Мерекелік іс-шара. 8 наурыз
Оқушыларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету, анасын сүю арқылы еліне,  жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін,  эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту мақсатында Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай  "Әлемнің жарығын сыйладың сен маған..."  тақырыбында мерекелік концерт өткізілді . 
"Инабатты ару" байқауы
27
февраль
2019
"Инабатты ару" байқауы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес қыз балалардың салт – дәстүр, әдеп – ғұрып тәрбиесін жандандыру мақсатында Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде 2019 жылдың 27 ақпаны күні 9-11 сыныптар аралығында  «Инабатты ару - 2019»   байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша 10 "Ә" сынып оқушысы Бекмұратқызы Ақерке аудандық  "Инабатты ару - 2019"  байқауына жолдама алды.   
"Қазақстан - менің алтын бесігім"
25
февраль
2019
"Қазақстан - менің алтын бесігім"
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде  1 наурыз - Алғыс айту күні  мерекесіне орай, оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашу, дәстүрлі мәдени, рухани және адамгершілік құндылықтарын арттыру мақсатында  "Қазақстан - менің алтын бесігім"   тақырыбында  5-6 сынып оқушылары аралығында  фестиваль өткізілді. 
Мұқағали оқулары
21
февраль
2019
Мұқағали оқулары
Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің апталығында  «Мұқағали оқулары»  байқауы өткізілді.